Лондонда «омикронға» байланысты төтенше жағдай жарияланды

Ulysmedia

Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия «омикрон» штамының таралуы жайлы әлемдегі тың жаңалықтарды жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Лондон мэрі Садық Хан коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Ол соңғы 24 сағат ішінде қалада пандемия басталғаннан бері COVID-19 жағдайларының ең көп саны 26 мыңнан асқанын атап өтті.

Ал Данияда Үкімет «омикронның» таралуына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, елде театрларды, кинотеатрларды, ойын-сауық саябақтарын жауып, 22:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды көздеуде.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары басқа елдерден келген саяхатшыларға COVID-19 анықтау үшін үй жағдайында жүргізуге болатын тегін сынақ жиынтықтарын бере бастады. Жиынтықтарды О ' Хара (Чикаго), Майами және Миннеаполис-Сент-Пол әуежайларынан алуға болады.