Қазақстанда Жаңажыл есімімен 13 адам, Сыйлық есімімен 12 адам және Шырша есімімен 13 адам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңа жылға байланысты ерекше есімдер сирек болса да кездеседі, деп жазады Бірінші несиелік бюро.
– Жаңажыл есімді азаматтар туған күнін 1 қаңтарда атап өтеді деп ойлауға болатын шығар. Бірақ, әрине мерекеге байланысты мұндай есімдер сирек те болса кездеседі, – деп қосты сарапшылар.
Бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарында туған балаларға арналған ең танымал есімдер дәстүрлі түрде қалған. Ұлдар арасында Әлихан, Мұхаммед және Арсен, ал қыздар арасында Айлин, Айша және Медина есімі жиірек қойылады.
Ұлдарда: Мұхаммед - 3616 жаңа туған нәресте, Әлихан – 2708, Арсен – 1356.
Қыздарда: Айлин – 5547, Медина – 5389, Айша – 4472.
2024 жылы, өткен жылмен салыстырғанда, танымал ұлдардың есімдер тізімінде өзгерістер болды: ТОП-10 ішінен Нұрислам есімі жойылды. Есімдер арасында Мұхаммед көшбасшы болды, ол соңғы 10 жыл ішінде (2014 жылдан бастап) бірінші орынды иеленген Әлихан есімін бірінші орыннан ығыстырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін мұсылман Мұхаммед есімі Англияда ең жиі қойылғаны хабарланған болатын.