Қазақстанда қылмыс әлемінің серкелері ұсталды

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстанда қылмыс әлеміне қатысы бар 27 адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

polisia.kz

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған. 

Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің серкелері» ұсталды.

Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыс анықталды.