Азық-түлік қымбаттап барады: қай өңірлер баға өсімін көбірек сезініп отыр

Сырым Қаржас

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттайды. Қай аймақта баға көбірек қымбат екеніне де талдау жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АЗЫҚ-ТҮЛІК  

Азық-түлік Жетісу облысында (+7,9%), Ақмола облысында (+7,2%), Алматыда (+6,8%), Батыс Қазақстан облысында (+6,6%), Абай облысында (+6,5%), Қарағанды облысында (+6,4%), Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында (+6,1%) орташа деңгейден (5,5%) жоғары қымбаттаған. Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында (+5,9%), сондай-ақ Ақтөбе облысында (+5,8%) қымбаттаған.

ТАУАРЛАР   

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы Түркістан облысында (+13,2%), Маңғыстау облысында (+12,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+10,0%), Атырау облысында (+9,3%), Шығыс Қазақстан облысында (+9,2%), Ұлытауда (+8,8%) орташа деңгейден (8,3%) жылдам өскен. Қарағанды (+8,7%), Шымкент (+8,7%), Ақмола (+8,6%), Абай (+8,5%) және Қызылорда облысында да  (+8,4%) тауарға баға қосылған.

ҚЫЗМЕТТЕР  

Ақылы қызметтер бағасының өсімі Астанада (+16,9%), Павлодар облысында (+14,5%), Ақтөбе (+14,4%), Қарағанды (+14,1%), Қызылорда (+13,8%), Ақмола және Батыс Қазақстан (+13,7%) жалпы республикалық деңгейден (13,3%) асты, Алматы (+13,6%), Жетісу (+13,5%) және Солтүстік Қазақстан облысында да (+13,4%) тіркелді.