Танымал қаржы сарапшысы, «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экономист бұл туралы ҰЭМ жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысында айтты.
Жиынға қатысушылар бюджет табыстылығын арттыру шараларын, атап айтқанда, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған жаңа және қазірдің өзінде ұсынылған шаралар кешенін талқылады. Сонымен қатар, ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Ал сарапшы Расул Рысмамбетов елге бірқатар жағымсыз реформалар жасауға тура келетінін мәлімдеді.
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек», деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.
Сондай-ақ ол ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі, бүгін біз талқылаған ұсыныстардың кейбірі көп ұзамай көпшіліктің игілігіне айналуы тиіс.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.