Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда мектеп оқушысы өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

Кейбір деректер бойынша, 2009 жылы туған бала өз үйінің жанында асылып өлген.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында суицид жасаған оқушы қыз туралы белгілі болған еді. Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушысының туыстары қыздың соңғы уақытта онлайн ойынға әуес болғанын айтты. Полицияға жасөспірімнің суицид жасағаны туралы оның туыстары хабар берген. Олар қыздың денесін гараждан тапқан.