Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттары істемей қалды

Сырым Қаржас

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық іркіліске байланысты бірқатар сервистердің уақытша тоқтап қалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

zak-kor.net

eGov.kz портал пайдаланушылары EGOV Mobile қосымшалары, Ашық үкімет порталы, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы және ҰАТ-тың басқа да жобалары істемей қалғанын байқаған. Компанияның айтуынша, бұл мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық ақау болып отыр.

Қазір " ҰАТ " АҚ мамандары барлық күш-жігерін салып, сервистердің жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыстарды аяқтауды жоспарлайды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетудің және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз, - деп хабарлады ҰАТ.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бұған дейін цифрландыру министрі Жаслан Мәдиев мереке күндері Қазақстанда интернет жұмысында белгілі бір іркілістер байқалғанын айтқан еді.