520 теңгеден түсті: Қазақстанда доллар тағы арзандады

Сырым Қаржас

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы әлсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 517,84 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,35 теңгеге төмен.

Қазір айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 519 теңгеге сатып алынады, 522 теңгеге сатылады. 

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында теңге бір жыл ішінде 15% астам деңгейде әлсірегені хабарлаған болатын.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 2025 жылы доллар бағамы 600 теңгеге дейін көтерілмейтінін мәлімдеді.