Соңғы мәліметтер бойынша, Ресей зымыраны Полтавадағы бес қабатты ғимаратқа соғылып, салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы Ulysmedia.kz Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
31 қаңтар күні кешке және 1 ақпанда таңертең Ресей әскерлері Украинаның бірнеше аймағына, соның ішінде Полтаваға зымыран мен ұшқышсыз ұшақтармен соққы берді. Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығының мәліметінше, Ресей әскері шабуылға бірнеше ондаған зымыран мен 120-дан астам ұшқышсыз ұшақты пайдаланған.
Полтавада қаза тапқандардың арасында екі бала бар. 17 адам (оның ішінде төрт бала) зардап шекті.
Үйінді астынан 22 адам құтқарылды, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.