Қазақстандағы таксистерге арналған агрегатта (мобильді қосымша) кемшіліктер анықталса, Қазақстанның көлік министрлігіне жүгінуге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ
Қазақстанның көлік министрлігі такси сервистерінің жұмысына талдау жүргізіп жатыр. Олар жүргізушілерді Яндекс Go, InDrive және басқа агрегаторлар жүргізушілерді себепсіз бұғаттаса, жүйеден шығарып жіберсе немесе рейтиңнің түсіріп тастаса, "бізге хабарлассын" деп отыр.
Мұндай мәселелерге тап болған такси жүргізушілері ақпаратты электрондық поштаға (zh.tilegen@transport.gov.kz) хабар жібере алады немесе 8 (7172) 98 35 46 телефон нөміріне хабарласуға болады.
ҚАЛАЙ ҚАРЫЗ БОЛЫП ҚАЛДЫҚ
Бұған дейін Ulysmedia порталына шыққан такси жүргізушілері шоттарында төлемдер пайда болғанын түсінбей дал болған еді. Бірнеше таксистке зейнетақы аударымы, МӘМС, әлеуметтік аударым жағынан қарыз екені туралы хабарлама келген. Таксистердің кейбірі 20 мың, кейбірі одан көп қарыз екенін білген.
Ulysmedia тілшісі Яндекс такси компаниясы мен мемлекеттік кірістер комитетіне осы мәселе жөнінде хабарласқан. Компания өз тарапынан кемшілік жоқ екенін хабарлады. Ал комитет мынадай ақпарат жолдады. “КЕАҚ (Азаматтарға арналған үкімет) жағынан әлеуметтік төлемдерді жүргізуде проблема бар. Қазір серверлердегі техникалық кемшіліктер түзеліп жатыр. Түзелген соң қосымша ақпарат береміз” деп жауап келді мемлекеттік кірістер комитетінен.