741 мың теңге: Қазақстанда қай сала маманына ең жоғары жалақы ұсынылған

Сымбат Сатыбалдина

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер елде қай сала қызметкерлеріне ең көп жалақы ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

ЖАЛАҚЫ

Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан:

  • Өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап);
  • Авиациядағы инженер (~693 мың теңге);
  • Бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды.

Ал жұмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны:

  • Өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге);
  • Ұшқыш (~1,1 млн теңге);
  • Сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады.

Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.

СҰРАНЫСТАҒЫ МАМАНДЫҚТАР

Министрлік мәліметінше, білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.

ТАПШЫ МАМАГДАР

Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды. Олар жалпы электрондық еңбек биржасында 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.

АЙЛЫҚ МӨЛШЕР

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы айлық мөлшері қалай өзгергенін жазған едік. 

2024 жылдың IV тоқсанында бағалау бойынша жалақының медианалық мәні 308 717 теңгені құрады. 2024 жылдың IV тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 434 982 теңгеге жетті..