Досын өлтіріп, денесін тоңазытқышқа бөлшектеп кеткен екі ақтөбелік сотталды

Сымбат Сатыбалдина

Ақтөбеде ер адамды пышақтап, денесін бөлшектеп, тоңазытқышқа салып қойғандар сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pixabay.com

“Мой ГОРОД” басылымының жазуынша, жантүршігерлік қылмыс былтыр қыркүйекте болған. Айыпталушылардың біріне тиесілі пәтерге үш адам жиналып, ішімдік іше бастаған. Бір кезде олардың арасында жанжал туған.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛҒАН 

Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, айыпталушы жәбірленушіні бірнеше рет ұрып, артынша пышақты алып, ішінің тұсынан пышақтап жіберген. Ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Артынша екі дос шошып, пәтерден шығып, қашып кеткен. 

Екі күннен кейін айыпталушы үйіне оралып, мәйітте бөлшектеп тастаған. Әуелі марқұмның денесін ваннаға апарып, артынша асхана пышағымен аяғын, қолын кесіп, сөмкеге салған. Марқұмның денесінің бөлшектері “Гигант” карьерының маңына тастап кеткен. Артынша үйіне оралып, қалған денесін бөлшектеп, пакеттерге салып, сасып кетпесін деп тоңазытқышты салып тастаған. 

Кейіннен ваннаны арнайы құралдармен тазалап шыққан. 

ТАҒЫ БІР АЙЫПТАЛУШЫ

Бөлмеде болған тағы бір ер адам да айыпталушы ретінде танылды. Яғни марқұм болған ер адамнан бөлек, біреуі қылмыскер, екіншісі қылмысты жасырып қалған адам деп танылды. Олар үкімді алқабилер шығарсын деген өтініш жасаған. 

Осылайша екеуі де кінәлі деп танылды. Біреуі 11 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.