Моңғолияда екі қандасымызға ең жоғары мемлекеттік атақ берілді

Ulysmedia

Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: kaznews.mn

kaznews.mn-ның мәліметінше, Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің жарлығы бойынша Моңғолияның Ұлттық онкологиялық орталығының кеңесші дәрігері, Еңбек сіңірген дәрігер, доктор, профессор Асай Рәмішұлына «Халық дәрігері» атағы берілді.

Сондай-ақ, Ануарұлы Нотаға Моңғолияның «Еңбек ері» атағы берілді. Моңғолия Президентінің жарлығы бойынша нейрохирургия саласында ми қан тамырлары ауруларының диагностикасын, хирургиясын және емдеуін теориялық тұрғыда дамытып, оны тәжірибеге толығымен енгізумен қатар нәтижелерін әлемдік деңгейге жеткізгені үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбек сіңірген дәрігер, доктор, профессор, даңқты нейрохирург Ануарұлы Нотаға Моңғолияның «Еңбек ері» атағы берілді.