АҚШ пен Беларусь мәмілеге келуді көздеп отыр

Сырым Қаржас

АҚШ пен Беларусь келісімге келуді көздейді. Нәтижесінде Америка Минискіге қарсы санкцияларды жеңілдетпек, ал Лукашенко қамаудағы саяси тұтқындарды босатуға уәде беріп отыр. Бұл туралы New York Times газеті жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Ашық дереккөздерден алынды

Америкалық басылым хабарлағандай, келісім шарттарын Ақ үй өкілі Кристофер Смит Вильнюстегі кездесуде айтты. Бұдан бір күн бұрын ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездескен.

«Кристофер Смит Беларусьстен америкалықпен және екі саяси тұтқынмен бірге кетті. Ол мұны «арнайы операция» және «үлкен жеңіс» деп атады. Келесі қадам «үлкен келісім» болуы мүмкін, соның нәтижесінде Александр Лукашенко «көптеген саяси тұтқынды, соның ішінде көрнекті тұлғаларды босатады», деп жазды басылым.

Жауап ретінде америкалықтар Беларусь банктеріне және тыңайтқыш компоненттерін экспорттауға қатысты санкцияларды жеңілдетуге уәде берген.

Аст кетейік, былтырғы желтоқсан айында Лукашенко Беларусьтегі сайлау қарсаңында экстремизм үшін сотталған 29 тұтқынды кешірген. «Весна» құқық қорғау орталығының мәліметінше, 2024 жылдың маусым айынан бастап 207 саяси тұтқын кешірім бойынша бостандыққа шыққан.