Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қазақмыс" компаниясының қалай жекеменшікке өтіп кеткенін тексеру керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
- “Қазақмыстың” қалай жекеменшік компанияға айналып кеткенін сұрау керек. Өкінішке қарай, ол сұрақты ешкім қоймайды. “Қазақмыстың” олигархтары форбсқа енген. Қалай ол байлығын жинап алған? сұрақты төтесінен қою керек. Өкінішке қарай сұрақты қоятын заман келді ме, жоқ па мен айта алмаймын. Бірақ сол сұрақты қоятын жағдай келді деп ойлаймын. Мен жеке басым осыны парламентте көтеруге дайынмын, дейді депутат.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік.
ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ АПАТ
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты.
ШАХТАДАҒЫ АПАТ
Еске сала кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.