Қазақ киносы Францияда жүлде жеңіп алды

Ілияс Бақыт

Францияның Везуль қаласында өткен 31-ші Халықаралық Азия кинофестивалі қазақстандық режиссер Елзат Ескендір үшін тарихи жеңіспен аяқталды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендір "Әбіл" фильмі бірден үш негізгі номинация бойынша жеңіске жетіп, фестивальдің басты марапаттарына ие болды. Бұл туралы Ерлан Төлеутай желідегі парақшасында жазды.

ҚАНДАЙ НОМИНАЦИЯЛАР?

  • Қазылар Гран-приі  (Jury Grand Prize) 
  • Киносыншылар жүлдесі (Critical Jury Prize) 
  • NETPAC қазылар жүлдесі (NETPAC Jury Prize) 

"Әбіл" фильмінің фестивальде қатарынан үш бас номинацияны жеңіп алуы оның көркемдік құндылығын айқын көрсетті. 

“Бір айға жуық мерзімге созылған бұл сапарымыз бізге оңай болған жоқ. Десек те біз Еуропаның төрі – Швеция мен Даниядан және Францияның көрікті жерлерінен, тарихи орындарынан шама-шарқымыз келгенше ақпарат тарата алдық. Сондай-ақ конкурстан тыс қатысып, еуропалық премьерасын жасаған Швецияның Гетёборг және негізгі конкурсына қатысып, үш бірдей бәйгесін жеңіп алған Францияның Везуль халықаралық фестивальдерінен жүйелі репортаждар жасап тұрдық”- деп жазды Ерлан Төлеутай.

Сондай-ақ осы фильмге қолдау көрсеткендер отандастар мен қандастарға да алғыс білдірді. 

“Жалпы біз осы жолғы сапарымызда қарапайым азаматтардың моральдық қолдауын жан-тәнімізбен сезіндік. Әсіресе Швеция мен Дания және Франциядағы отандастарымыз бен қандастарымыз бізге шын жүректен тілектестік білдірді. Сол үшін шетелдегі қазағым – Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз!”- дейді ол. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақорда биыл 10 қаңтарда президенттің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңдарға қол қойғанын хабарлаған еді.