Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның "BBB-/A-3" деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы қарыздан едәуір асып түседі деп болжайды. Сонымен қатар S&P жоспарланған мұнай өндіру көлемінің өсімі мен Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтың кеңеюі экономикалық өсуге оң әсер ететінін атап өтті.
Басылымда Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатыны атап өтілді. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерге шектеу қою бюджет тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мемлекеттік бюджеттің ірі шығыстары туралы сынға жауап берген болатын.
Биылғы 18 ақпанда Ulysmedia.kz журналисі Сыртқы істер министрлігі инвестициялық комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловқа елге қанша инвестиция түсетіні туралы сұрақ қойған.