Air Astana коронавирус дертінің «омикрон» штамы өршіп тұрған Ұлыбританияға рейстерді тоқтатты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Анығырақ айтқанда, Нұр-Сұлтаннан төтенше жағдай тәртібі енгізілген Лондон қаласына 2022 жылғы 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығындағы рейстер күшін жойып отыр.
«Жолаушылар msc@airastana.com арқылы билетті қайта брондай немесе қаржысын толық қайтара алады», – делінген ұлттық оператор мәртебесіндегі әуе тасымалдаушысының хабарламасында.