Сирияда тағы бір «Аль-Каида» жетекшісінің көзі жойылды

Сырым Қаржас

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) күштерінің әуе шабуылы кезінде “Хуррас ад-Дин” террористік ұйымының жетекшісі Мұхаммед Юсуф Зия Талай қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz eadaily.com-ға сілтеме жасап.

Spc.Jensen Guillory/U.S.Army

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) күштері Сирияның солтүстік-батысында әуе шабуылын ұйымдастырып, “Аль-Каиданың” бөлімшесі саналатын “Хуррас ад-Дин” террористік ұйымының аға әскери жетекшісі Мұхаммед Юсуф Зия Талайдың көзін құртты, - делінген X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.

АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Эрик Курилла қауіпсіздікті сақтау үшін террористерді қудалауды тоқтамау қажеттігін айтты.

Біз өз отанымызды, сондай-ақ АҚШ қызметкерлерін, одақтастарымыз бен аймақтағы серіктестерімізді қорғау үшін террористерді қудалауды тоқтатпаймыз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жыл басынан бері Орталық қолбасшылық “Хуррас ад-Дин” ұйымының бірнеше жоғары дәрежелі жетекшісінің көзін құртты. Әуе шабуылдары 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында болды.