Telegram қолданушы туралы көбірек мағұлмат беретін болады

Сырым Қаржас

Telegram әлуметтік желісінің жетілдірілген нұсқасы қолданысқа енігізлмек. Онда қолданушыға нөмір берген ел, аккаунттың тіркелген уақыты сияқты қосымша мәліметтер қамтылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргіге қарағанда жаңа нұсқаның бірқатар артықшылығы бар. Жаңа нұсқа қолданушыға өзімен сөйлескен адам туралы көбірек ақпарат алуына, яғни кіммен сөйлесіп жатқанын білуге көмектеседі.

ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР?

Әңгімелесушіге телефон нөмірін берген елдің атауы;

Telegram аккаунттың тіркелген айы мен жылы;

Екі қолданушы да тіркелген жалпы топтардың саны;

Тіркелген Telegram аккаунт ресми ме, жоқ па;

Үшінші тараптан тексеру белгісінің болуы, егер бар болса;

Сөйлескен адамның аватары жақында өзгерді ме, жоқ па;

Бұл қосымша мәліметтер әсіресе бейтаныс адамдармен сөйлескен кезде пайдалы екенін айтады мамандар. Мәселен, сатушылармен, жұмыс берушілермен немесе жаңа таныстармен хат алмасқанда тиімді.

Жаңа нұсқа туралы бұған дейін Тelegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің ресми арнасында хабарлаған. Оның пікірінше бұл деректер пайдаланушыларға коммуникацияны жақсырақ басқаруға, алаяқтар мен жалған аккаунттардан қорғануға көмектеседі.