Солтүстікке көш: ақшаны алып тайып тұрғандар сотқа тартылды

Ілияс Бақыт

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон бағдарламасына қатысушылар 103 миллион теңге материалдық көмек алып, өңірден кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

25 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қадағалау органында атап өткендей, әкімдік қызметкерлері бұл төлемдерді қайтару шараларын қабылдамаған, соның салдарынан 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бюджетке 19,1 миллион теңге қайтарылды. Қалған соманы қайтару туралы талап-арызды сот қарап жатыр. 

ҮШ ҚОНЫС АУДАРУШЫҒА ҚАРСЫ ШАҒЫМДАР

Тағы үш қоныс аударушы мемлекеттен үлкенірек өтемақы алу мақсатында тұрғын үй құнын жасанды түрде көтеріп көрсеткен.

Прокурорлар мемлекетке келтірілген залалды 11,3 миллион теңгеге бағалады. Бағдарлама қатысушылары алаяқтық жасағаны үшін бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.