Қазақстанда 536 елді мекенді су басуы мүмкін - Жылқыбаев

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстанда 530 елді мекенді су басу қаупі тұр. Бұл туралы «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СЕБЕП

Ел аумағында 400 гидротехникалық нысан бар, олардың жарылу қаупі 530-дан астам елді мекенді су басуына әкелуі мүмкін. Бұл елді мекендерде 1,3 миллионнан астам адам тұрады. Мысалы, Астана қаласының қорғаныс бөгетін қайта жаңарту жұмыстары 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді, алайда әлі күнге дейін аяқталмаған. Су тасқынына дайындық және гидротехникалық құрылыстардың жағдайы Amanat-тың бақылау комитетінің отырысында талқыланды.  

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР

Бүгінде еліміз бойынша 1223 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақтарда орналасқан. Республика аумағында 1395 тірек гидротехникалық нысан бар, оның 564-і жөндеуді қажет етеді, ал 20-сы апаттық жағдайда тұр. Егер бұл нысандар қираса, 536 елді мекенді су басу қаупі туындайды, онда 1,3 миллионнан астам адам тұрады. Партияның қоғамдық қабылдауларына биылдың өзінде су тасқынына дайындық, бөгеттердің, су бұру арналардың және басқа да қорғаныс құрылыстарының жағдайына қатысты 100-ге жуық өтініш түсті.  

«Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев кейбір өңірлерде әлі де шешілмеген мәселелер бар және бұл өз кезегінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін айтты.  

- Атбасарда былтыр жарамсыз деп танылған су өткізу құрылыстарында әлі күнге дейін жұмыстар аяқталмаған. Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері Есіл өзенінің арнасын тереңдету жұмыстары жүргізілген жоқ. Мұндай мысалдар ел бойынша ондаған жерде кездеседі! Мәселе – ресурстың жетіспеушілігінде емес, бақылау мен жауапкершіліктің жоқтығында. Біз былтырғы су тасқынындағы жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек, деді ол.  

ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР

Отырыста өңір әкімдері қысқа мерзім ішінде барлық жоспарланған су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыру үшін шұғыл шаралар қабылдауы тиіс екені айтылды. Ең алдымен, су бұру арналарының, арықтар мен дренаж жүйелерінің дайындығы қамтамасыз етілуі қажет. Су тасқыны қаупі бар елді мекендер толығымен қоршалып, судан қорғау шаралары күшейтілуге тиіс.  Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев бұл мәселеде партиялық бақылау бекеттерінің тиімді жұмысы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.