ЭКСПО павиольондары Инновациялық технологиялар паркіне беріледі

Аян Өрібай

QazExpoCongress ұлттық компаниясына қарайтын ЭКСПО ғимараттарының бірі Инновациялық технологиялар паркіне беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

QazExpoCongress ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, компанияның балансында жалпы ауданы 25 га құрайтын аумақ бар. Бұл аумақта жалпы ауданы 530 мың м² болатын ғимараттар кешені, соның ішінде 180 мың м² кеңсе алаңдары мен жерасты паркингі орналасқан.

Қазір цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен сауда және интеграция министрлігі арасында "QazExpoCongress" павильондарын Инновациялық технологиялар паркі қорының басқаруына беру мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленіп жатыр.

БҰЛ НЕ ҰЙЫМ

Tech Garden брендімен жұмыс істейтін Инновациялық технологиялар паркі үкімет қаулысымен 2014 жылы құрылған. Заңға сәйкес, оның басқарушы комитетін премьер-министр басқарады. 2022 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша инновациялық кластерге шамамен 300 индустриялық-инновациялық, ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы субъектілер кіреді.