Бұл туралы "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖОЛ ЖАБЫҚ
2025 жылғы 14 наурыз сағат 18:30 жағдай бойынша 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Ақмола облысы: - «Астана – Петропавл» автожолының 18-234 шақырым аралығы (Астана қ. – Щучинск қ.).
Абай облысы: - «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау а. – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы: - «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 937 арнайы техника мен 1865 маман жұмылдырылды.