"Үйдің қабырғасы құлап жатыр": Астананың іргесіндегі ауылды су басты

Сырым Қаржас

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында жеті көшені су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Ulysmedia тілшісіне ауыл тұрғыны Төлеген Мұхаммедиев айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2023 жылы Қояндыда жол жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ көшеде жауын-шашын мен қар суы ағатын кәріз жүйесі жасалмаған. Соның салдарынан ауыл биыл екінші көктемде су астында қалып отыр.

Алты-жеті көше су астында қалды. Ылғалдан үйлердің қабырғалары құлай бастады. Менің үйім қазірдің өзінде жарылып тұр, құлайді бір күні, - деді ол.

ЕЛДІҢ ШАҒЫМЫ ЕСТІЛМЕЙДІ

Төлеген Мұхаммедиевтің айтуынша, ол жауапты орындардың бәріне барып, жағдайды түсіндірген. Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бірнеше рет жүгінген. Бірақ мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай шара қолданылмаған.

Мен жол жөндеуге тапсырыс бергендерге бірнеше рет хабарластым. Осы уақытқа дейін ешқандай әрекет істеген жоқ. Аудандық, облыстық әкімдікке, Целиноград ауданының прокуратурасына, облыстық прокуратураға, Бас прокуратураға, мәжіліске, президент әкімшілігіне, антикорға арыз-шағымдар жолдадым, бірақ олар бір-біріне cілтеп, ешқандай әрекет істеген жоқ, - деді тұрғын.

Ulysmedia редакциясы жағдайды анықтау үшін уәкілетті органдарға хабарласты.