Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындылары жария болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТАТИСТИКА
Ұлттық тестілеу орталығының мәлімеінше, наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 54 мыңнан астам адам тест тапсырған.
ОНЫҢ ІШІНДЕ
ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАР
Ереже бұзғаны үшін 37 адамның нәтижесі жойылды:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 26 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
ПӘНДЕР
Қатысушылардың 18,6%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,7%-ы «Шығармашылық емтихан», 13,3%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.
Наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.