Ақмола облысында қызметкерлерге сыйақы береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған

Сымбат Сатыбалдина

Ақмола облысында қызметкерлерге премия береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Ақмола облысының Жақсы ауданыныңда бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. 

БЮДЖЕТ ЖЫМҚЫРУ

Аудан прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінде қызметкерлер үшін жалған сыйаққы желеуімен 22 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықтады.

ТЕРГЕУ

Аудан прокуратурасымен аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.