"Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында өтіп жатқан мәжіліс отырысында академик Асқар Жұмаділдаев президентті мақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АКАДЕМИК НЕ ДЕЙДІ
Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының екі ерлігін айтқым келеді. Біріншіден, 2022 жылы үлкен сын келді. Қазақ мемлекетінің шаңырағы шайқалды, бірақ құлаған жоқ. Алматы өртке оранды. Тоқаев сертінен таймады. Туды құлатпады, берік ұстады. Бұл – Қасым-Жомарт Кемелұлының бірінші ерлігі. Екіншіден, Ұлттық ғылым академиясы 1946 жылы құрылған, яғни Кеңес одағының қиын кезеңінде іргесі қаланды. Академияның тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев орасан зор жұмыс атқарған. Сол кезде ашылған кеш орындары бүгінгі қазақ қазынасына 90 пайызын беріп тұр. Аталған кезеңде салынған электр стаснсалары әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Бұл өз кезегінде ғылым мен білімнің не екенін адамзатқа көрсетіп отыр... Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қасым-Жомар Кемелұлы құлаған академияны қайта тұрғызды. Академия кезінде «мемлекет ішіндегі мемлекет» болған, - деді Асқар Жұмаділдаев.
Академик ғылым академиясының бұрынғы әлеуетін қалпына келтіруге шақырды. “Алға ілгерілеу қажет. Академия жұмысының жаңа принципін орнатуымыз керек. Ол үшін қаржыландыру мен ғылыми институттар құру мәселесін толыққанды шешу маңызды” дейді ол.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұған дейін "президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында баяндама жасаған еді. Қошановтың айтуынша, елде 30 жыл бойы суперпрезиденттік жүйе болып, үш жыл бұрын оның сеңі бұзылған. Қошанов президенттің пәрменімен елде көптеген реформалар жүргізіліп, әділ сайлаудың арқасында парламент жасақталып, елге активтерді қайтару жұмыстары жүргізілгенін айтады. Оның сөзінше президентті сайлау мерзімі өзгеріп, ауыл, аудан әкімдерінің сайлауы басталған. Дәрігерлер мен мұғалімдердің айлығы өсіп, студенттердің шәкіртақысы өскен.
Қошанов Қаңтар оқиғасына тоқталып, сол тақырыпта «екі рет парламенттік тыңдау өткізіліп, тергеу органдарының мәліметтері бүкпесіз жарияланды, ел көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берілді» деп мәлімдеді.