Ресейдің шабуылынан 3 адам қаза тауып, 12 тұрғын зардап шекті

Сырым Қаржас

Ресейдің Запорожьедегі түнгі шабуылы кезінде кемінде үш адам мерт болып, 12 адам жараланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

facebook.com/mvs.gov.ua

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаза тапқандардың арасында 14 жасар қыз бен оның 41 жастағы әкесі бар, сондай-ақ тоғыз айлық сәби зардап шеккен. Бұл туралы Запорожье облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Иван Федоров мәлім етті.

Бір жеке тұрғын үй қирап, екі жеке тұрғын үй бүлінді, жарылыс толқыны мен жарықшақтардан іргелес ғимараттарға зақым келді. Құтқару қызметі 70 шаршы метр аумақты шарпыған мейрамханадағы өртті сөндірді Сондай-ақ саяжай үйі мен балабақшадағы, тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің 30 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды өшірді, - деді Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпаратына сүйенсек, түнде қалаға 12 Shahed дроны шабуылдаған.

Сонымен қатар ресми органдардың мәлімдеуінше, Киевтің Подольск ауданында ресейлік шабуыл салдарынан үш қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатында өрт шығып, тілсіз жау 100 шаршы метр аумаққа жайылған. Өрт кезінде құтқарушылар төрт адамды эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ, қызыл жалын сөндірілді.