Белгілі қазақстандық олигарх Александр Машкевич несімен есте қалды

Аян Өрібай

Қазақстанда Александр Машкевичтен асып түсетін танымал олигархтар көп емес. Ол тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынаста болды, түрлі халықаралық форумдардың төралқасында маңызды отырыстар өткізді және ұзақ уақыт бойы Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі спикерлерінің бірі болды. Әлемдік деңгейде туындаған дау-жанжалдар ірі кәсіпкерге тек жанама түрде әсер ететін. Қала болса да оның есімі Израильдің ең бай азаматтарының тізіміне енді. Осы орайда Ulysmedia.kz «Еуразиялық үштіктің басты тұлғасы» өзінің қомақты капиталын қалай жинағанын тарқатуға тырысады.

Фотолар: sputnik.kz, tengrinews.kz

Егер қайта құру болмаса әлем жұрты Александр Машкевичтің кәсіпкерлік таланты туралы бәлкім ешқашан білмес те еді. Бішкектің тумасы (ол кезде – Фрунзе) жоғары оқу орнынан филолог мамандығын алып шықты және оны педагогикалық еңбек жолы күтіп тұрды. 1981 жылы ол бүкіл КСРО-да осы пәннен ең жас ғылым кандидаты атанды, сондықтан Александр Машкевичтің болашақта ғылыми қызметте толағай табысқа жетуіне барлық мүмкіндік болды. Бірақ 80-ші жылдары, сол кездегі барлық адамдар сияқты ол да базарға шықты. Тұтыну тауарларының саудасы филологиядан гөрі қызықты әрі пайдалы болды, 1988 жылдан бастап ол түбегейлі бизнеске кетті. Бизнесті Қырғызстанда бастаған ол кейін Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және алыс шетелдерге тамыр жайды.

МҰҚТАЖДАРҒА ҚОЛ СОЗҒАН «ҮШТІК»

1994 жылы Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алижан Ибрагимов үшеуі тең дәрежеде басқаратын Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниясын тіркеді. Ел ішінде «Еуразиялық үштіктің» бастапқы кезедегі табысқа жетуіне Патох Шодиевтің белгілі өзбек олигархы Алишер Усмановпен достығы ықпал етті» деген қауесет тараған. Бірақ нәтижесінде компания жетекшілері ішіндегі ең танымалы Александр Машкевич екендігі байқалды. Ол компанияның «бет бейнесіне» айналды – бұл жерде оның филологияда оқығанының, яғни бай сөздік қоры мен тәжірибесі өз пайдасын тигізді. Оның алқалы жиындарда сөйлеген әр сөзі компанияның мүддесін айшықтап тұрғандай көрінгенмен оның жеке тұлғасының қалыптасуына әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз.  

Мәселен, 2009 жылы ол мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) форматын, әсіресе теміржол саласында шұғыл заңдық тұрғыда тіркеу қажеттігін айтады. Сол жылы ENRC Қорғас-Жетіген темір жолын салу жобасында концессионер болды.

Сол сияқты 2014 жылы Машкевич тау-кен металлургия компаниялары үшін салық жүктемесінің жоғарғы шегін белгілеуді ұсынды. Ол бұл ұсынысты өте қарапайым түрде түсіндірді: егер барлық қосымша пайдадан салық төлеуге тура келсе, кәсіпорынның табыстылығын арттыру және жаңғырту үшін жұмыс істеудің қандай мәні бар? Ал осындай бастамалардың басты бенефициары кім десек, сол баяғы ENRC.

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында елдегі иесіз қалған металлургия мен басқа зауыттардың негізгі сатып алушысы «еуразиялық үштік» болды. 20 ғасырдың аяғында ENRC-тің иелігінде Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыты, «Қазхром», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», «Қазақстандық электролиз зауыты» (ҚЭЗ), энергетикалық нысандар, Шұбаркөл" көмір кеніші және тағы басқа ондаған кәсіпорын болды.

Мұның бәрі ел экономикасын құтқарудың ең дұрыс жолы ретінде көрсетілді.

Қазақстанда халық абдырап, не істерін білмеді, қазақтар жаңа заманда қалай өмір сүріп, қалай жұмыс істеу керектігін білмеді, - деп еске алған еді Машкевич тоқсаныншы жылдардағы тоқырау жайлы.

Кейін ENRC компаниялар тобының бизнесті басқа мемлекеттерге, соның ішінде Африка мен Еуропа елдеріне таралды. 2010-шы жылдары компаниялар тобына қатысты дау-жанжал көбейді. «Үштік» мүшелері Еуропада жемқорлыққа барды, Конгода балаларды пайдаланды, кәмелетке толмаған қыздардың жән шетелдік саясаткерлердің қатысуымен яхталарда жынойнақ жасады деп айыптады.

Ең ауыр айыптаулардың ішінде Конго мыс кен орындарын сатып алу кезінде еуропалық шенеуніктерге пара беру және қаржылық айла-шарғы жасау, сондай-ақ президенттер арқылы сыбайлас жемқорлық жанжалдарын жабу әрекеті бар. Мәселен 2015 жылы журналистік зерттеу жарық көрді, онда 2010 жылы Қазақстан Франциядан 45 Eurocopter тікұшағын аса қымбатқа сатып алғаны жазылды. Оның қайтарымы ретінде француз саясаткерлері Патох Шодиевтің төңірегінде туындаған сыбайлас жемқорлық дауын жабу үшін Бельгия парламентшілеріне қысым көрсетуі керек еді.

Тікұшақтарды сатып алу жөнінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози тікелей уағдаласқанын айта кету керек.

Еуразиялық үштіктің айналасындағы түрлі сыбайлас жемқорлық әркеттерді тергеуді 2013-2023 жылдар аралығындан ірі қаржылық алаяқтыққа қарсы қызмет (SFO) жүргізді. 2013 жылы ENRC компаниялар тобы ERG болып өзгертілді. Компанияның заңгерлері SFO-ны тергеу ақпаратының таралуы және басқа да бұзушылықтар туралы қарсы шағымдармен үнемі тұқыртып отырды. Нәтижесінде тергеу «қудалауға қажетті дәлелдердің жеткіліксіз болуы» деген тұжырыммен тоқтатылды.

ЖАҒЫМДЫ ИМИДЖДІҢ ҚҰПИЯСЫ – ГАЗЕТТЕР МЕН СИНАГОГА

Бұл жанжалдар Александр Машкевичтің жеке басына ешқандай қатысы жоқ сияқты көрінді. Қалай дегенмен Қазақстанда оның аты мұндай дау-жанжалда сирек аталатын. Оның жағымды имиджінің құпиясы қайырымдылық істермен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Машкевич білім беру жобаларына инвестиция салып, қызметкерлерінің балаларына демалыс ұйымдастырды. Конго мыс шахталарында балалар еңбегін қанау туралы жанжал шыққанда, ERG компаниялар тобы аталған елдің оқушыларына білім беру бойынша ауқымды кампанияны қолға алып, олигархтар мұғалімдерге жалақы төледі.

Астанада Машкевич еврей диаспорасының басшысы ретінде синагога салды. Ал ENRC негізгі активтері шоғырланған Павлодар және Қостанай облыстарында мектеп, аурухана мен мәдениет үйлері сияқты әлеуметтік нысандар тұрғынды.

Бәлкім ERG-дің басты тұлғасының жағымды имиджі «үштікке» қарасты медиа-активтің арқасында қалыптасты деуге де болады. Айталық «Экспресс-К» газеті бірқатар елде байлық жиған, бірақ мүмкіндік туған сәтте Израиль азаматтығын алған олигархтың есімімен тығыз байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды.

Кейінгі жылдары Александр Машкевич Қазақстанда сирек көрініп жүрді. Ол мұны коронавирус кезінде елге кірудің қиындығымен түсіндірді. Сол себепті назардан тыс қалғанын айтқан.

2024 жылы Машкевич ERG директорлар кеңесі құрамынан шықты, қазір корпорацияның бас спикері – Адилжан Ибрагимовтың ұлы Шухрат. Сонымен қатар 2024 жылы «үштіктің» мүшелері арасында келіспеушілік туындады. Бұқаралық ақпарат құралдары Машкевичтер мен Шодиевтердің отбасы «Еуразиялық банк» пен «Еуразия"» сақтандыру компаниясы кіретін компанияның Қазақстандағы қаржы активтерін сатуды жоспарлағанын, ал Шухрат Ибрагимов бұл мәмілені бірнеше рет бұғаттағанын жазды.

Бұған дейін Машкевичтің денсаулығы сыр беріп жұргендегі туралы бірнеше рет хабарланған, бірақ нақты ештеңе айтылмады. Бәрі түсініксіз күйде қалды. Ал компанияның болашағы туралы әртүрлі көзқарастар, ел басшылығының ауысуы және медициналық жағдайлар оның ел назарынан біртіндеп кетуіне себеп болды.

Дегенмен Израильдің ең бай адамдарының бірі Александр Машкевичтің ескі Қазақстан үшін де көрнекті тұлға болғанын жоққа шығара алмаймыз.

PS: дереккөздің хабарлауынша, Александр Машкевич өмірінің соңғы кезеңін Лондонда өткізген. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, оны қыздары тұратын Британ астанасында жерлейді.