Қытай Украинадағы бітімгерлік күштерге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz Welt Am Sonntag-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Басылымның жазуынша, еуропалық шенеуніктер Бейжіңнің миссияға қатысуға ниетті екенін айтады және бұл жағдай Ресейдің Украина аумағына шетелдік бітімгерлерді кіргізуге келісім беруіне септігін тигізбек.
Бұған дейін Брюссельдегі Қытай дипломаттары еуропалық елдер Бейжіңнің бітімгерлік операцияға қатысу мүмкіндігі туралы не ойлайтынын нақтылаған.
Украинаға бітімгерлерді жіберу мүмкіндігі туралы ең бірінші Франция мен Ұлыбритания басшылары айта бастады. Кейін Лондон бұл бастамаға басқа да ондаған ел қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Ал Берлин болса Украинадағы бітімгерлік күштер туралы пікірталас жүргізуге әлі ертерек деп есептейді.
Ресей СІМ Украинаға САКҰ (НАТО) мен Еуропалық одан елдерінен бітімгерлік күштерді жіберу мәселесін талқылау «орынсыз және бос сандырақ» деп атады.