АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен арадағы «ұтымды пікірталас» туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақ үй басшысы Outkick порталына берген сұхбатта бұл әлемде Ресей президентін тоқтата алатын біреу болса, ол өзі екенін айтты.
Меніңше, әлемде менен басқа Путинді тоқтататын адам жоқ. Мен оны тоқтата аламын деп ойлаймын. Бізде өте ұтымды пікірталастар болды, мен адамдардың өлімін тоқтатқым келеді, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 18 наурызда Путин мен Трамп жыл басынан екінші рет телефон арқылы сөйлескен. Екі жарым сағатқа созылған әңгіменің нәтижесінде энергетика нысандары бойынша атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар Путин тағы тұтқын алмасуды болатынын мәлім еткен.
21 наурызда Трамп журналистерге Ақ үйде Ресей мен Украина арасындағы белсенді келіссөздер туралы хабарлады. Америка президентінің айтуынша, майданның кейбір учаскелерінде атысты тоқтатуға қол жеткізілді.