Астанада экс-вице-министр Ерлан Қожағапановтың соты өтіп жатыр

Сымбат Сатыбалдина

Астанада мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Қожағапановтың адвокаттары бірқатар процессуалдық құжаттарды, соның ішінде 2018 жылы «Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумын» өткізуге жұмсалған жоғарылатылған шығындар туралы аудиторлық есептерді тергеудің дәлелі ретінде қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.

Тергеу экс-вице-министр мемлекетке 1 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген деп есептейді.

ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Бұған дейін антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Ерлан Қожағапанов 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 

ТЕРГЕУ

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік. 

ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.