«Лақтырып кетті»: Қарақат Әбілдинаны жерге қаратқан асаба кім

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Әнші Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жайтпен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОСЫН ЖАҒДАЙДА КӨМЕККЕ КІМ КЕЛДІ?

Оқиға әншінің 47 жасқа толған туған күн кешінде болған. Кештің басталуына небәрі жарты сағат қалғанда, тойдың тізгінін ұстауы тиіс болған асаба – жас ақын қыз кенет келе алмайтынын хабарлаған.

 «Тура кештің басталуына жарты сағат қалған кезде тойды жүргізу керек болған ақын қыз (атын айтпай-ақ қояйын) жай тілмен айтқанда, лақтырды. Келе алмайтынын айтып , бір шок қылады мені.», – деп ашық жазды Қарақат.

Бір қарағанда тығырыққа тірелгендей көрінген жағдайды Қарақаттың сіңлісі Ақбота көмекке келген.

 «Сөйтіп кештің тізгінін сіңілім Ақбота алды. Керемет жүргізді. Осы кеште асабалық тұсауы кесіліп , нағыз дебют болды ол үшін ! Әр істің бір қайыры деген рас-ау?!» – деп түйіндеді. 

ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА 

Қарақат Әбілдина — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші әрі композитор.  «Қарақат» мектебінің негізін қалаушы, отбасылы, бес баланың анасы.