Қазақстандық көлік жүргізушілеріне елдегі ірі тас жолдардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылғы 14 сәуірде республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана – Қарағанды (айналып өту) – Алматы" автомобиль жолының "Қарағанды – Теміртау" учаскесінің (Астана қаласы бағытында) 193–194-шақырым аралығында жол жамылғысындағы ақауларды жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Аталған учаскеде үш жолақты қозғалыс қарастырылған.
Берілген рұқсатқа сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде көлік қозғалысы бір жолақ арқылы кері бағытпен (реверсивті әдіспен) ұйымдастырылады.
ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Компания жүргізушілерге бірнеше ескерту жасады:
- жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- жолда аса мұқият болыңыз;
- қауіпті маневрлерден және апатты жағдайлар туғызудан абай болыңыз.