CTS компаниясы Астанадағы жол айрығында LRT құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыстың уақытша шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Компанияның мәліметінше, LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты Астанада қозғалыс уақытша шектеледі.
14 СӘУІР
08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі.
15 СӘУІР
08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
City Transportation Systems уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.