Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Сырым Қаржас
pgroup.ru

Қазақстандықтар 2025 жылғы мамыр айында мереке және демалыс күндерін қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАМЫРДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР

Қазақстанда мамыр айында үш мемлекеттік мереке аталып өтеді:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі);
  •  9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).

Үш мереке де аптаның ортасына түсіп тұр, сол себепті қазақстандықтар сенбі-жексенбідегі демалыс күндерімен қоса, тағы бірнеше күн жұмыс істемейді.

СОНЫМЕН…

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде мамыр айында мереке күндерін қоса алғанда 12 демалыс күні болады. Бұл айда қазақстандықтар 19 күн жұмыс істейді.

Алты күндік жұмыс аптасы кезінде қазақстандықтар 8 күн демалып, 23 күн жұмысқа барады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы сәуір айында 8 күн демалыс күні бар екенін жазған едік.