Ұлыбританияның беделді The Economist басылымы саяси карикатура мен сараптамалық материал жариялап, бүгінде еркіндік рухына АҚШ-қа қарағанда Еуропа көбірек сай келеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жарияланған мақаламен қоса берілген иллюстрацияда АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясынан үзінді келтірілген. Онда «өмір сүру, еркін болу және бақытқа ұмтылу – ажыратылмас құқықтар» екені айтылған.
Қазір бұл құқықтарды қамтамасыз етуге қауқарлы жалғыз құрлық – Еуропа, – деп мысқылдайды The Economist, Атлант мұхитының екі жағындағы саяси және құқықтық үдерістерге ишара жасап.
АҚШ – демократиялық мемлекет. Демократиялық институттар әлі де жұмыс істеп тұр, тәуелсіз сот, сайлау жүйесі, БАҚ еркіндігі сақталған. Алайда кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл институттар бұрынғыдай беделді емес, ал жүйенің ішкі эрозиясы тереңдеп барады. The Economist пен басқа да беделді рейтиңдерде АҚШ жүйесі "толыққанды демократия" емес, "ақсаңдаған демократия" (flawed democracy) ретінде сипатталады.