Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бірқатар танымал өнер және спорт өкілдеріне санкция жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл азаматтар Киевтің мәліметінше, соғысты қолдағаны үшін қара тізімге енген. Тиісті жарлық 18 сәуір күні Украина президенті кеңсесінің ресми сайтында жарияланды.
ҚАРА ТІЗІМДЕ КІМДЕР БАР?
актер Евгений Миронов
режиссер Егор Кончаловский
актриса Ирина Апексимова
әнші Никита Джигурда
Shaman лақап атымен танымал Ярослав Дронов
цирк әртісі әрі мысық үйретуші Юрий Куклачев
“Универ” телехикаясының жұлдызы Виталий Гогунский
актер Оскар Кучера
режиссер Александр Панкратов-Черный
балет әртісі Сергей Полунин
“Любэ” тобының әншісі Николай Расторгуев
бард Александр Розенбаум
рок-музыкант Гарик Сукачев
рэпер Жиган (Роман Чумаков)
Ваганов атындағы Ресей балет академиясының ректоры Николай Цискаридзе
СПОРТШЫЛАР ДА САНКЦИЯҒА ІЛІНДІ
Санкцияға ілінген спортшылар арасында:
семсерлесуші Софья Великая
шаңғышы Елена Вяльбе
боксшылар Денис Лебедев пен Руслан Проводников
гимнаст Никита Нагорный
Бұл тұлғалардың Украинадағы активтері бұғатталады, оларға елге кіруге тыйым салынады және Украина берген мемлекеттік марапаттарынан айырылады.
БҰЛ — ТЕК БАСТАМАСЫ ҒАНА
Бұған дейін, 11 сәуір күні, Зеленский проресейлік пікір таратушылар мен журналистерге қарсы санкция енгізу туралы шешімді күшіне енгізген болатын.
Сол тізімге 18 БАҚ және 71 адам енді. Олардың қатарында:
“Россия 1” телеарнасының тілшісі Александр Сладков
журналист Арина Шарапова
продюсер Юрий Бардаш (Quest Pistols, “Грибы” топтары мен әнші Лунамен жұмыс істеген)
Сондай-ақ Украина президентінің тағы бір жарлығы Ресейдің “көлеңкелі флотына” және оның қызметіне қатысы бар 59 адамға қарсы санкцияны қамтиды. Олардың арасында Ресей мен Қытай азаматтары да бар.