Алматылық тұрғын көлігінде темекі шегуге рұқсат бермеген жүргізушіні ұрып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға Алматы қаласында болған. Видеоны такси жүргізушісі Влад Кравчук жариялаған – дәл сол кісі шабуылға ұшыраған. Кадрларда артқы орындықта отырған үш адамның бірі боқтап сөйлеп, жүргізушіге ескерту жасағаны үшін оны ұрғаны анық көрінеді.
— «Эй, тсабыр сақта! Жыныңды үйде көрсетесің. Мен саған айттым ғой, сені көліктен шығарып жіберем, — дейді жолаушы видеода.
Влад Кравчуктың айтуынша, ол полицияға ресми арыз түсірген. Қазнет қолданушылары агрессивті жолаушыны жазалауды талап етіп жатыр.
Оқиғаға байланысты Ulysmedia тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен түсініктеме сұратты.