Астанадағы Орталық мешіт әкімшілігі жұма намазына дейін екі жігіттің арасында жанжал шыққанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында намаз қатарындағы орынға байланысты екі жас жігіттің арасында түсініспеушілік туындаған.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Жұма намазына келген екі жас жігіттің арасында отыру орнына байланысты келіспеушілік болды. Оқиға орнына дереу мешіт қызметкері барып, оларды сабырға шақырып, жағдайды реттеді. Жақында ғана ислам құндылықтарына бет бұрған бұл жастарға ислам — бейбітшілік діні екенін, ал мешіт — Жер бетіндегі Алланың үйі, құлшылық орны екенін, онда дау-дамай мен жанжалға орын жоқ екенін түсіндірілді, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін белгілі дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы еліміздегі дін айналасында болып жатқан оқиғалар туралы пікір білдіріп, мешіт жамағатының діни сенім тұтастығы жоғалып бара жатқанын айтқан еді.