10 келіден астам метамфетамин: Қазақстанда халықаралық есірткі арнасы жойылды

Сырым Қаржас
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен әрекеттесе Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бірлескен әрекет нәтижесінде 10 келіден астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады.

– Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Есірткі саудасының халықаралық арналарын жою бойынша іс-шаралар жалғасып жатқаны атап өтілді.