Алматыда Кадыровты сынаған шешен белсендісінің соты бүгін өтеді

Аян Өрібай
Ұлысмедиа коллажы

Адвокат Мұрат Адам Алматыда ұсталған шешен белсендісі Мансур Мовлаевтың соты бүгін өтетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Мұрат Адамның жазуынша, Алматыда бүгін сағат 15.00-де Алматыда сот отырысы өткізіледі. 

Достарымыз бен жазылушылардан сәттілік тілеуін сұраймыз. Құрметті, БАҚ өкілдері! Сіздердің қолдауларыңыз керек. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровты сынаған шешен белсендісі Мансур Мовлаевты экстрадациялау бойынша сот отырысы өткізіледі, – деді адвокат.

Алматыда шешен ұлтының өкілі, белсенді Мансур Мовлаевтің ұсталғаны туралы кеше ақпарат тараған еді. Мовлаевтың ұсталғанын растайтын өзге дереккөз табылмаған. Алматы қалалық полиция департаменті де бұл жөнінде түсініктеме берген жоқ.

РЕСЕЙДІҢ ҚЫСЫМЫ

«Настоящее время» арнасының жазуынша, 2023 жылы Мансур Мовлаев Қырғызстанда жүрген кезінде Ресейге экстрадиция қаупі туындаған. Осыдан кейін ол елден кетуге мәжбүр болған. Сол уақытта ол әлеуметтік желіде Ресей билігі өзіне қысым жасау үшін бауырлары Зелимхан мен Хамзатты ұстағанын жазған.