Түркия, АҚШ және Украина делегацияларының келіссөздері Ыстамбұлда Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Украина сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ыстамбұлда Украина, АҚШ және Түркия делегацияларының үшжақты келіссөздері басталды.
Келіссөздер Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығымен өтуде.
Бұған дейін Ресей, Украина және Түркия арасындағы келіссөздер Ыстамбұл уақытымен 12:30-да өтетіні хабарланған болатын.
Бұған дейін Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский украин өкілдерін жергілікті уақыт бойынша таңғы 10-нан бастап күтетінін мәлімдеген.
ПУТИННІҢ ҰСЫНЫСЫ
11 мамыр түнде Ресей президенті Владимир Путин Украинамен ешқандай алдын ала шартсыз тікелей келіссөз бастау ұсынысын білдірді. Путин кездесуді 15 мамырда Стамбулда өткізуге шақырды. Украина президенті Владимир Зеленский бұл ұсынысты жақсы белгі деп қабылдап, кездесуге дайын екенін жеткізді.
Бірнеше күн бойы ресейлік тарап Путиннің келіссөздерге қатысатыны-қатыспайтыны жайлы ақпаратты жасырып келді. Ақыры, Путин Түркияға көмекшісін жіберген.