Қазақстанда мұғалімдерді қорлағаны үшін кім жауап береді

Сымбат Сатыбалдина
Фото: Pexels.com

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері ӨКҚ-дегі брифинг барысында қазақстандық мұғалімдердің құқықтары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МҰҒАЛІМДЕРДІ ҚОРЛАУ

Ulysmedia.kz тілшісі ата-ана, егер оқушы мұғалімді қорлап, ар-намысына тиетін болса, жауапкершілікке тартыла ма деген сұрақ қойды.

Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың айтуынша, елімізде "Педагог мәртебесі туралы" заң қолданыста.

— Бұл заң мұғалімдердің құқықтарын қорғайды. Егер ата-аналар немесе оқушылар тарапынан мұғалімдерге қатысты оқыс жағдайлар орын алса, мұғалімдердің құқықтары міндетті түрде қорғалады. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады, педагогикалық этика кеңестерінде, ата-аналар жиналысында немесе қоғамдық кездесулерде талқыланады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық орын алса, ата-аналарға айыппұл салынады, — деді Мелдебекова.

МЕКТЕПТЕГІ БУЛЛИНГ

Бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева кейбір мұғалімдер мен мектеп директорлары оқушылар тарапынан болатын буллинг пен басқа да заңсыз әрекеттерді жасыратынын айтқан болатын. Журналистердің айтуынша, мұғалімдер мұндай әрекеттерге сөгіс немесе жұмыстан шығудан қорқып барады.

“Осыған байланысты тағы бір сұрақ қойылды: оқушылармен мектептен тыс жерлерде болған оқиғалар үшін де мұғалімдер жауап бере ме?”, деп сұрады журналист. 

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Нұрмұханова барлық мұғалімдер ондай жағдайларды жасырады деген пікірмен келіспейтінін айтты.

— Менің ойымша, бұл барлық жерде болып жатқан жағдай емес. Жекелеген оқиғалар бар, сондықтан барлық мұғалімдерді немесе балалардың ата-аналарын кінәлауға болмайды, — деді ол.

Сондай-ақ, министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі де өз пікірін білдірді.

— Иә, мұндай (буллинг) фактілер бар. Мұндай жағдайлар белгілі болған кезде, жауапты адамдар оны бірден хабарлауға міндетті. Ал егер оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болса, онда мұғалімдер оған жауапты емес, — деді комитет өкілі.

МЕКТЕПТЕГІ ТӨБЕЛЕС

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы мектеп оқушысының қатарласын сабаған видеосы тарап, бұл қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Іске құқық қорғау және білім беру органдарының араласып, түсіндірме берді.

Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Іле ауданына қарасты мектептердің бірінде болған. Қазір бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді.