Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Сымбат Сатыбалдина
Depositphotos

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚ мәліметінше, Ресей мен Украина делегацияларының кездесуі екі сағатқа да жетпеген.

РЕСЕЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ

Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарды. Құрамында РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, РФ Қарулы күштері Бас штабының Бас басқармасы бастығы Игорь Костюков, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин болды.

УКРАИНА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ

Украина тарапынан келіссөздер тобына қорғаныс министрі Рустем Умеров жетекшілік етті. Құрамында тағы 11 адам болды. Олардың қатарында Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Украина Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Украина Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский, Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко және басқалар бар.

КЕЗДЕСУ ҚАЙДА ӨТТІ

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің Долмабахче кеңсесінде өтті.

Келіссөздердің алдында Ресей мен Украина делегацияларының алдында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сөз сөйлеп, тараптардың тікелей келіссөздерге дайын екенін атап өтті.