АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден өзіне қуық асты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Байден “қатерлі ісік – бәріне ортақ мәселе” екенін атап өтті.
– Қатерлі ісік – бәрімізге қатысты. Көпшілігіңіз сияқты біз де Джилл екеуміз өмірдің ауыр сәттерінде мықты екенімізді түсіндік. Махаббаттарыңызбен бізге қолдау көрсеткендеріңізге алғыс айтамыз, – делінген Байденнің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден ауыр дертке шалдыққанын хабарлаған едік.
Джо Байденге диагноз медициналық тексеруден кейін қойылды.
NBC News мәліметінше, Байденге қатерлі ісіктің агрессивті түрі диагнозы қойылған, ауру сүйек тініне метастаз беріп үлгерген. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік гормондық терапияға сезімталдығын сақтап отыр, бұл тиімді емдеу мүмкіндігіне жол ашады.
Ресми мәлімдемеде Байденнің отбасы және медицина мамандарымен бірге қажетті ем-дом нұсқаларын қарастырып жатқаны көрсетілген.