Қарағандылық өзін маскүнем деп атаған адамды сотқа беріп, ақша өндіріп алды

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Қарағандылық тұрғыннан әлеуметтік желідегі пікір үшін 200 мың теңге өндіріп алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қарағандының аудандық сотында ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау жөніндегі азаматтық іс аяқталды.

Талапкер – Қарағанды тұрғыны. Ол Facebook-те пікірде өзін «есепте тұрған маскүнем» деп атаған адамды сотқа берген. Бастапқыда тұрғын 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян талап еткен. 

ТАЛАП

Сот барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Талапкер моральдық залалды өтеу ретінде 1 миллион теңге талап еткен. Алайда сот жауапкерден 200 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.