Жаңаөзенде түлектер жол апатына түсті

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

23 мамыр күні Жаңаөзен қаласында үш көлік жол апатына түсті. Олардың екеуінде мектеп түлектері отырған. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Апат түстен кейін болған. Toyota Hilux, Toyota Land Cruiser 100 және Lexus LX 450 маркалы көліктері апатқа ұшыраған. .

Полицияның мәліметінше, Toyota Hilux пикабын тізгіндеген жүргізуші (түлек емес) алдындағы Land Cruiser 100-ді озбақ болған. Алайда маневр кезінде Hilux жол шетіне шығып кетіп, алдымен Land Cruiser 100-мен соқтығысқан. Соққының инерциясымен Land Cruiser – Lexus LX 450-ге барып соғылған. Салдарынан Hilux жолдан шығып кеткен.

Апатта ешкім зардап шеккен жоқ.

АЙЫППҰЛ

Toyota Hilux жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап көлік құралдарын басқару ережесін бұзу салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке зақым келтіруді қарастырады. Жаза ретінде 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл немесе 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.

Көлік айып тұрағына қойылды.

ТҮЛЕКТЕР

Полиция департаменті мектеп бітірушілер тек Lexus LX 450 көлігінде отырғанын атап өтті.