"Не істегіңіз келсе, соны істеңіз": Жұманғарин шегіртке халал ма деген сұрақ үшін журналистпен сөзге келді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "халал шегіртке" туралы сұраққа байланысты журналистердің бірімен сөз таластырып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистер министрге өткен жылы шегіртке қаптаған кезде айтқан сөзін еске салды. Сол кезде Жұманғарин шегірткеге қатысты бұл – кейбір елдерде тағам ретінде қолданылатын халал өнім деп мәлімдеген болатын. Осыған орай журналистердің бірі: «Қазақстанда шегірткеден чипсы қашан жасалады?» – деп сұрады. Осы сұрақтан кейін бірнеше минутқа созылған пікірталас басталып кетті. Жұманғарин шегірткені жеуге ешқашан үгіттемегенін айтты.

– Мен қашан шегірткеден чипсы жасайық деп ұсыныс айттым? Нені ойдан шығарып отырсыздар? Мен ол шегірткені жеу керек деп айтқан жоқпын! Қайта-қайта неге бұрмалап айтып отырсыздар? Мен тек оның халал өнім екенін айттым. Бұл мәліметті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да растады. Бірақ мен оны жеу керек дедім бе? Жеймін десеңдер – өздерің біліңдер, – деп жауап берді министр.

Айта кетейік, былтыр маусым айында Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында Жұманғарин шегірткемен күрес мәселесіне тоқталып, «шегіртке – халал өнім» дегенен болатын. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.

Сонымен қатар, ҚМДБ “шегіртке халал ма, харам ба?” деген сұраққа жауап берген болатын